Воскресенье, 19.05.2024, 05:01
Приветствую Вас Гость | RSS

8А класс школы-гимназий №7

Форма входа
Меню сайта
Наш опрос
Вы каждый день будете посещать мой сайт??
Всего ответов: 17
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Youtube

Каталог статей

Главная » Статьи » Стихи

Жақсылық ұзақ тұрмайды
Жақсылық ұзақ тұрмайды.
Жамандық, әркез тозбайды.
Үмiттiң аты елерiп,
Қос тiзгiндi созбайды.
Қос тепкiнi салсаң да,
Уайымнан озбайды.
Бiр қайғыны ойласаң,
Жүз қайғыны қозғайды,
Жер қорығыш желгек шал
Желiп жүрiп боздайды.
Құрсаған бұлт ашылмай,
Аспанның жүзi көгермес.
Үрпейген жүрек басылмай,
Талапты көңiл елермес.
Шырайды қайғы жасырмай,
Күлкiнiң ернi кезермес.
Шыдасаң естi қашырмай,
Құлдатып, қор қып жiбермес.
Кез келсе қайғы қат-қабат,
Қаңғыртпай қоймас адамды.
Қасиетсiз туған— ол да жат,
Күңкiлдеп берер сазаңды.
Бәрiнен де сол қымбат,
Қайтерсiң өңкей наданды.
Сыпыра батыр сұм құрбәт
Мақтанмен алды мазамды.
Категория: Стихи | Добавил: J@SON (25.02.2011)
Просмотров: 4252 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск

Балхаш © 2024
Создать бесплатный сайт с uCoz